Салтанат Тажибаева

Серіктес

Салтанат аудит пен консалтинг саласында 23 жылдан артық жұмыс істеп келеді, мансабын Қырғыз Республикасындағы «HLB Марка Аудит» компаниясындағы бухгалтер лауазымынан бастап, маман, кеңесші, қаржы директоры, осы компанияның директоры және серіктесіне дейінгі кезеңдерден өтті. Қырғыз Республикасының сертификатталған аудиторы болып табылады. Қырғыз Мемлекеттік Ұлттық Университетінің экономикалық ғылымдар магистрі дәрежесіне ие. Қырғыз Республикасының Бухгалтерлер мен Аудиторлар бірлестігінің, Стратегиялық даму жөніндегі комитеттің Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Өзінің қызметі барысында PWC (Қазақстан), KPMG Jannat (Қазақстан) сияқты ірі халықаралық компаниялармен бірге өткізілген аудит пен трансформация жөніндегі жобалар аясында жұмыс істеді. HLB Марка Аудит компаниясының директоры ретінде компанияның стратегиясымен және дамуымен айналысты, мемлекеттік және жекеменшік секторлардағы ірі кәсіпорындардың, сондай-ақ ЕБРР, АБР, ИБР және басқа да халықаралық донорлар сияқты халықаралық қаржы институттарының жобалары аясында ірі жобаларға басшылық жасады. HLB International-дың Қырғызстандағы халықаралық желісін дамыту жөніндегі серіктесі болды. 2006-2013 жылдар аралығында сондай-ақ консалтинг пен аудит саласындағы ортақ жобаларда бірлесе жұмыс істеп, “HLB Марка Аудит» компаниясының Қазақстандағы еншілес компаниясы «Марка Аудит Қазақстан» ЖШС-нің мүдделеріне өкіл болды.

Бізбен хабарласу

Біздің халықаралық командамыз ең үздік шешімдерді іздеу үшін барын салады.

Хабарлама жіберу
Связаться с нами
x
x

Share to:

Copy link:

Copied to clipboard Copy