Біз туралы

Қазақстандағы Scope туралы

2020 жылдың қаңтарында біз Scope Kazakhstan-ның бас кеңсесін Нұр-Сұлтан қаласында аштық.  Қыркүйек айында-ақ біздің компания HLB International халықаралық аудиторлық желісінде аккредитациядан сәтті өтті.  Біз бүкіл Қазақстандағы өз клиенттерімізге келесідей кеңес беру қызметтері бойынша айрықша ұсыныстар жасаймыз: (i) бағалау; (ii) кешенді қаржылық-салықтық және заңгерлік сараптама (due diligence); (iii) трансшекаралық мәміле жасау жағдайында корпоративтік қаржы туралы кеңес беру; және (iv) компаниялардың қосылуы және бірігуі.

Scope Kazakhstan стартаптар мен шағын бизнеске, сондай-ақ халықаралық компанияларға да бухгалтерлік есептерді толық жүргізуді қоса алғанда, тіркеуден бастап кешенді қызмет көрсетуге дейін қолдау көрсетуге маманданған.  Біздің компания қызметтердің жоғары сапасына және ақпараттардың құпиялығына кепілдік береді.

Жақсы нәтижелерді Scope бренді бар біздің аудиторлық команданың көпжылдық тәжірибесі мен жұмыс сапасы ғана беріп қоймайды, ең алдымен тіл бөгеуілінің болмауынан әртүрлі елдердің Клиенттерімен қалыптасқан сенімді қарым-қатынастар мен түсіністік береді, ал үздік нәтижелерді олардың ана тілінде жүргізілетін келіссөздер әкеледі. Оған қоса біз мәдениет ерекшеліктеріне құрметпен қараймыз, әртүрлі континенттерде жұмыс істейтін халықаралық компаниялардың талаптарын түсінеміз.

Scope Kazakhstan командасы АССА біліктілігін қоса алғанда, халықаралық біліктігі бар, Қазақстан аумағында қолданылатын жалғыз стандарт болып табылатын ҚЕХС саласында үздік білімдері бар, Ресей мен Қазақстанның тәжірибелі мамандарынан тұрады. Бір құзіреттілік шеңберінен шығатын сұрақтарды бүкіл команда жан-жақты қарастыруы үшін біз ақпарат алмасуына үлкен көңіл бөлеміз.  Scope командасы құрамының тұрақтылығы  – кез-келген істегі сәттіліктің кілті!

Біздің қадағалау кеңесіміздің мүшелері, біздің серіктестеріміз бен қызметкерлеріміз «Үлкен төрттіктің» (Big4) ірі аудиторлық фирмаларында ауқымды жұмыс тәжірибесіне ие, күрделі халықаралық аудиторлық жобаларға қатысқан. Бүкіл команда біздің бәсекелестік артықшылығымыз жергілікті менталитет пен нарықты терең білуімізбен ұштасып, Big4-тің аудиторлық фирмаларынан қызмет сапасы, қызмет көрсету жылдамдығы және икемді баға қалыптастыру деңгейі бойынша басым түсіп, оларға қарағанда үлкен табыстарға жетуге мүмкіндік береді деген кәміл сеніммен Scope Kazakhstan-ды құруға саналы шешім қабылдады.

Біздің жұмысымыздың мақсаты болып Клиент үшін бизнес жүргізуді барынша жеңілдету табылады. HLB International-дағы жұмыс істеу ұстанымдары желінің мүше-компаниялары арасындағы тығыз өзара әрекеттестікте орнатылған. Мұндай ынтымақтастық аудит пен консалтинг қызметтерінің бүкіл ауқымын, оның ішінде халықаралық жобаларды басқару жөніндегі қызметтерді қамтуға мүмкіндік береді. Біз Клиентке өз бизнесінің негізгі міндеттеріне көңіл бөлу мүмкіндігін бере отырып, ерекшеліктері бар қаржылық, салықтық және құқықтық сұрақтарды шешуді өз мойнымызға аламыз, мұндай икемді тәсіл, атап айтқанда Клиенттің өзі  HLB International қызметкерлері ұсынатын қолдаудың көлемі мен түрін өзі таңдап алатындықтан, қысқа мерзім ішінде тиімді нәтиже береді. Компанияның серіктестері мен қызметкерлері күтпеген жағдайлар мен жыл соңында қосымша шығындардың туындау мүмкіндігін барынша азайтып, Клиентпен үнемі байланыста болады.

Біз үшін шынайы және сенімді қарым-қатынас құру өте маңызды. Біз үшін бизнес ең алдымен бізбен жұмыс істейтін адамдар, олардың нақты қажеттіліктері, мақсаттары, тілектері, сондықтан  біздің қызметтеріміз біздің клиенттеріміздің үмітіне барынша сәйкес болуы үшін біз көп уақыт бөлеміз, назар аударамыз, анық-қанығына терең бойлаймыз. Біз бірлескен жеке және кәсіби өзара қарым-қатынас жасай білетіндігімізді мақтан тұтамыз. Әлемнің әртүрлі елдерінде бізбен жұмыс істей отырып,  біздің халықаралық HLB International сарапшылар командамыз Сізбен тиімді және үздіксіз жүмыс істеуді қамтамасыз ету үшін, тығыз өзара әрекеттестікте жұмыс істейтіндігіне Сіз сенімді бола аласыз. Жеке және сенімді қарым-қатынастардың арқасында, біз Scope Kazakhstan-ның: «Біз осыған бірге қол жеткіземіз!» деген уәдесін орындаймыз.

Бізбен хабарласу

Біздің халықаралық командамыз ең үздік шешімдерді іздеу үшін барын салады.

Хабарлама жіберу
Бізбен хабарласу
x
x

Share to:

Copy link:

Copied to clipboard Copy